From Wikipedia, the free encyclopedia
Джон Людвиг Эмиль Дрейер (дат. Johan Ludvig Emil Dreyer, ағылш. John Louis Emil Dreyer; 13.02.1852, Копенгаген — 14.09.1926, Оксфорд) — дат тегінен шыққан ирланд-ағылшын астрономы.
Копенгагенде Дания соғыс министірінің отбасында(туған уақыттағы есімі - Йохан Людвиг Эмиль Дрейер) дүниеге келген. Копенгагенде білім алып шықты. 22 жасында Даниядан кетіп, "Парсонтаун левиафаны" телескобын соққан лорд Росстың ұлы, әрі мұрагері лорд Росстың көмекшісі болып жұмыс істеу үшін Ирландияға келді. 1878 жылы Дунсинк обсерваториясына ауысты. 1892 жылы Арм Обсерваториясына ауысып, 1916 жылға дейін обсерватория директоры қызметін атқарды. 1885 жылы британ азаматтығын алды. Өмірінің соңғы жылдарын Ұлыбританияда сүріп, Оксфордта қайтыс болды. Корольдік астрономиялық қоғамның Президенті (1923—1924). Оның ең басты ғылыми еңбегі болып 1888 жылы каталогтандырған "Тұмандықтар мен жұлдыздар шоғырының Жаңа жалпы каталогы" болып табылады. Бұл каталог осы күнге дейін пайдаланылады, сонымен қатар ол екі каталогқа кеңейтілді (IC I - 1895 жылы, IC II - 1908 жылы).
Сонымен бірге ол Тихо Брагтың өмірбаянын жазды. Дрейер 1916 жылы Корольдік астрономиялық қоғамының алтын медалімен марапатталды. Оның есімімен Айдағы кратер аталады.
Колчинский И. Г., Корсунь А. А., Родригес М. Г. Астрономы. Биографический справочник. — Киев: «Наукова думка», 1986.
Литература[править]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.