From Wikipedia, the free encyclopedia
Джоан Вайолет Робинсон (ағылш. Joan Violet Robinson; 31 қазан 1903, Камберли, Суррей, Ұлыбритания, — 5 тамыз 1983, Кембридж, Ұлыбритания) — ағылшын экономисі, экономикалық теорияның солшыл кейнсшілдік бағытының көшбасшысы, бәсеке теориясының негізін қалаушы. 1925 ж. Кембридж университетін бітіріп, 1931 жылдан осы университетте ассистент, экономика лекторы және профессор болып істеген. 1949 жылдан Британ корольдігі қоғамының мүшесі. 30-жылдары “кейнсшілдік үйірмеге” белсене қатысты. Робинсонның “Жетілмеген бәсекенің экономикалық теориясы” (“Economіcs of іmperfest competіtіon”) атты еңбегі неоклассиктерге қарсы жазылған алғашқы елеулі шығарма болды. Робинсон өндіріс факторлары нарығында сұраным жағында болатын монополия деген мағынаны білдіретін “монопсония” терминін енгізді. Кейінгі, әсіресе 50 — 60-жылдары жазылған бірқатар еңбектерінде неоклассикалық теорияны одан әрі сынға алды. Ол сондай-ақ жұмыспен қамтылу мәселелері, марксизмнің экономикалық теориясына сыни талдау, капиталдың қорлануы, экономикалық өрлеу, экономикалық “басбұзарлық” мәселелері, экономикалық даму және өзара тәуелділік, осы заманғы экономикалық теория мәселелері, кедейлік және дамушы елдердің артта қалуы, Қытайдағы “мәдени революция” туралы, т.б. ауқымды тақырыптарда ғылыми еңбектер жазды. Робинсон жанталаса қарулануға белсене қарсы шықты, саяси қайраткерлер мен түрлі бағыттағы экономист-теоретиктердің сындарлы диалогын жақтады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Джоан Робинсон | |
ағылш. Joan Violet Robinson | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Камберли, Суррей, Ұлыбритания |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Кембридж, Ұлыбритания |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Ньюнхем-колледжі |
Альма-матер |
Әулие Павел атындағы қыздарға арналған мектебі |
Ғылыми жетекші | |
Атақты шәкірттері |
Амартия Сен |
Марапаттары |
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.