From Wikipedia, the free encyclopedia
Джеймс Натаниэль Тони (ағылш. James Nathaniel Toney), 24 тамыз 1968, Гранд-Рапидс, Мичиган, АҚШ) — американдық кәсіпқой боксшы, онымен қоса аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен. Үш салмақ дәрежесінде IBF тұжырымы бойынша әлемнің 12 дүркін чемпионы. «Ринг» журналының тұжырымы бойынша 1991 және 2003 жылдардағы «Жыл боксшысы», онымен қоса осы тұжырымдағы «Жыл оралымы» марапатының иегері.
Джеймс Тони | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Толық есімі |
Джеймс Натаниэль Тони |
Лақап аты |
Жарықты сөндіріңдер (ағылш. Lights Out) |
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | |
Тұрғылықты жері |
Шермен Оакс, Калифорния, АҚШ |
Салмағы |
Орта (72,574 кг дейін ) |
Тұрысы |
оңқай |
Бойы |
178см |
Қолдың қарқыны |
183см |
Кәсіби карьерасы | |
Алғашқы айқасы | |
Соңғы айқасы | |
Айқастар саны |
90 |
Жеңгендер саны |
76 |
Нокаутпен жеңгені |
46 |
Жеңілгендер саны |
9 |
Тең түскендері |
3 |
Әуесқой карьерасы | |
Айқастар саны |
33 |
Жеңгені |
31 |
Нокаутпен жеңгені |
29 |
Жеңілгені |
2 |
Официальный сайт | |
Қызметтік тізімі (boxrec) |
Джеймс Тони 1968 жылы 24 тамызда Мичиган штатының Гранд-Рапидс қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Джеймс пен анасы Шерри ол дүниеге келген кезде некеде болмаған. Әкесі Джеймс өте ашуланшақ адам болған, сонымен қоса жүйкесіне байланысты қиындықтары бар еді. Соның кесірінен түрмеде бірнеше рет отырған. Джеймс-кіші дүниеге келгенде анасы мен әкесі үйленеді, алайда неке сәтсіз болады. Әкесі Джеймс әйелін үнемі ұрып-соғатын. Сол үшін де олардың үйлеріне полиция қызметкерлері келіп тұратын. Некелескеннен кейін төрт ай өткен соң Шерри ажырасуға шағым берді. Әкесі Тони Джеймс үш жаста болған кезде отбасынан кеткен. Содан кейін анасы ұлымен бірге Детройтқа көшуге шешім қабылдайды. Жаңа қалада Джеймс жаман ортаға тап болды. Ол өзімен бірге қару алып жүретін, онымен қоса есірткі саудалаумен айналысқан. Өзінің сөзіне қарағанда ол есірткіні мүлдем қолданбаған. Сол уақытта Тони болашағынан үміт күттірер спортшы болатын. Ол мектепте американдық футболмен және бокспен шұғылданған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.