Джанкарло Эспозито (итал. Giancarlo Esposito; туған 26 сәуір 1958 жыл, Копенгаген) — американдық актёр, 2012 жылғы «Эмми» сыйлығының үміткері. Голливудтық "Даңқ саяжолында" атаулы жұлдызға ие.
Өмірбаяны
Джанкарло Эспозито | |
Giancarlo Esposito | |
Джанкарло Эспозито, 2012 жыл | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Алессандро Джузеппе Джанкарло Эспозито |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
IMDb |
Джанкарло Эспозито 1958 жылы 26 сәуір күні Дания мемлекетіндегі Копенгаген қаласында дүниеге келген. Әкесі - Неапольда туған ағаш ұстасы, ал анасы афроамерикандық опера әншісі. Бала шағын Данияда өткізген. Кейін Нью-Йорк штатындағы Элмсфордқа, ал одан Кливлендке көшті. 1964 жылы отбасы Нью-Йорктағы Манхэттенге баспанасын ауыстырды. Нью-Йорктағы Элизабет Сетон атындағы колледжте радио мен теледидар факультетін оқып бітірді. Джанкарло Эспозито 1980 жылы "Cat on a Hot Tin Roof" атты пьесаның афроамерикандық нұсқасында Купер рөлін ойнаған. Джанкарлоның кинодебюты 1979 жылы шыққан "Running" атты кинофилмінде болған. «The Cotton Club», «Maximum Overdrive», «Night on Earth», «King of New York» кинофильмдерінде екінші дәрежелі рөлдерді ойнаған. Әлемге көбінесе келесі сериалдардағы ойнаған рөлдерімен әйгілі: "Ghost Whisperer", "Bones", "Las Vegas", "CSI: Miami", "Chief Braga", "Kidnapped", "New Amsterdam", "Breaking Bad".
Джанкарло Эспозито тағыда режиссёр және продюсер мансапымен әйгілі. Бейне ойындарды дауыстауымен айналасады. Мысалы "Payday 2" бейне ойынында "тіс дәрігер" кейіпкерін дауыстады.
Жеке өмірі
1995 жылы Джой МакМанигалмен некеге тұрды. Кейін ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен. Джанкарло Эспозитода 4 қызы бар.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.