Дефолт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дефолт (ағылш. default – міндеттемені орындамау) – келісімді орындамау, яғни уақытылы пайыздық немесе негізгі қарызды әлде келісімшарт бойынша шығарылған облигациялық (міндеттеме) қарызды төлемеу. Дефолт – деп міндеттемесінің барлығын немесе бір бөлігін орындауға қабілетсіз компания, жеке тұлға немесе мемлекет жариялай алады. Корпаративтік дефолт корпоративтік құқықта маңызды ұғым болып табылады. Бір жағынан дефолт уақытша қаржылық қиыншылыққа тап болған компанияның қорғаушы механизімі болса, екінші жағынан кредиторларды компанияның қарыз төлемеуінен қорғайды.
Дефолт терминін қабілетсіздік пен банкроттық терминінен ажырата білу керек.
«Дефолт» термині негізінен қарыз алушы қарызын міндетті төлеу керек қарызын төлеген жоқ дегенді білдіреді
«Қабілетсіздік» заңды термин ол қарыз алушының қарызын толеуге қабілетсіз екенін көрсетеді.
«Банкрот» термині қаржылық істер соты кімді кабілетсіз немесе дефолт деп таныса, соның заңды айғағы.