Девальвация
From Wikipedia, the free encyclopedia
Девальвация (лат. de - күшін жою; valeo — мәнді, құны бар) - халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы бағамының төмендеуі, қаржы қорының азаюы, мемлекеттің төлейтін теңгерімі және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы.[1]
Әдетте, елдің сауда теңгерімі мен төлем теңгерімінің күрт нашарлауының, валюталық сақтық қорлардың (еркін айналыстағы шетелдік валюталар қорының және халықаралық шарт негізінде шетелдегі шоттарда және халықаралық валюталық-несие ұйымдарында, мыс., Халықаралық валюта қорында, құрылған арнаулы сақтық қаражаттың, сондай-ақ шетелдік банкнот, монета, т. б. қорының) сарқылуының, халықаралық нарықтарда ұлттық валюта бағамының құлдырауының салдары болып табылады. Ашық және жасырын девальвация түрлеріне бөлінеді.[2] Ашық девальвация заңды тұрғыда танылған девальвация, алтын қорынан өтелмейтін көлемде қағаз ақшаларды айналыстан алу немесе айырбастау есебінен валютаның ресми бағамын төмендету. Гиперинфляциядан кейін валютаны тұрақтандыру әдісі. Жaсырын девальвация — ресми жария етілмеген девальвация, мемлекеттің құнсызданған ақша купюраларын айналымнан алмай-ақ ақша өлшемінің нақты алтын баламын төмендетуі.[3]