From Wikipedia, the free encyclopedia
Дақты саламандра (лат. Salamandra salamandra) – құйрықты қосмекенділердің ішіндегі жер бетінде көбірек таралған түрі.
Дақты саламандра | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Salamandra salamandra (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Дақты саламандра Орталық және Оңтүстік Еуропадан бастап Солтүстік Африка, Кіші Азия мен Украинаның батыс бөлігінде кездеседі. Дене ұзындығы 25-28см, аяқтары қысқа, алдыңғы аяғы 4, артқы аяғы 5 саусақты, саусақтарының арасында жүзу жарғақтары болмайды. Реңі ашық-сары дақтары бар жылтыр қара түсті. Күндіз ормандағы мүктердің, жапырақтардың, індердің, тастардың, шіріген томардың астына тығылып жатады. Қорегін іздеуге ымырт жабылғанда түнге қарай шығады.
Негізгі қорегі: шұбалшаң, жалаңаш шырыш (улы), жәндіктер. Қыста тастардың арасында, үңгірлерде, томардың қуысында топтанып қыстайды. Төменгі температура -2, -4 градусқа жеткенде қысқы ұйқыға кетеді. Топырақтың температурасы 9 градусқа көтерілгенде тіршілігін жалғастырады. Тікелей түскен күн сәулесіне төзбейді, дереу қараңғы жер іздейді.
Саламандралар суда да, құрлықта да көбейеді. Суда көбейер кезде аталық саамандра тұқым сұйықтығын суға жіберген кезде жақын тұрған аналық саламандра дереу клоакасын жинайды. Жұмыртқалары аналығының жұмыртқа жолында ұрықтанып, сол орында 10 ай сақталады. Демек, саламандралар биыл ұрықтанса дерәсілдері келесі жылы дамып шығады. Саламандралардың құрлықта көбеюі басқаша. Аталық және аналық саламандралар клоакаларын түйістіргенде аталығының сперматофоры аналығының жұмыртқа жолына енеді., осылайша іштей ұрықтанады. Демек, саламандралар іштей ұрықтану үшін керекті орта- құрлық. Уақыты жеткенде аналық саламандра жұмыртқа жолындағы уылдырықтың ағысы баяу бұлақ, өзен немесе шұңқырдағы жиналған тоқтау суға жібереді. Жетілген дернәсілдер дереу бостандыққа шығып өз бетінше тіршілігін жалғастырады. Дернәсілдердің жыныстық жетілуіне 3- 4 жыл керек.
Бұл — зоология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.