Дамушы елдер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дамушы елдер — империалистік мемлекеттердің ұзаққа созылған отарлық және жартылай отарлық қанауы салдарынан өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің тобы.
Дамушы елдерге, әдетте, тән ерекшеліктер:
- өндіргіш күштердің дамуының салыстырмалы төмен деңгейі,
- көп жосықты (укладты) экономика,
- патриархаттық және ұсақ тауарлық шаруашылық жөн-жосықтың жоғары үлесі,
- әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің аяқталмауы.
" Дамушы елдер" терминін халықаралық қолданысқа 1960-шы жылдары аргентиналық экономист Р. Пербиш енгізді.[1][2]