From Wikipedia, the free encyclopedia
Дала генерал-губернаторлығы, сондай-ақ Дала өлкесі – 1882-1918 жылдар аралығында 36 жыл өмір сүрген Ресей империясының генерал-губернаторлығы. Қазіргі Қазақстанның, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанның аумағында болды. Әкімшілік орталығы – Омбы қаласы.
Ресей империясының генерал-губернаторлығы | |
Дала генерал-губернаторлығы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Әкімш. орт. | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Таратылған уақыты | |
Дала генерал-губернаторлығы Ортаққорда |
Дала генерал-губернаторлығы Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының құрамында (1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қайтарылды) 1882 жылы 18 (30) мамырда Басқарушы Сенатқа берілген атаулы император жарлығымен құрылды. 1891 ж. 25 наурыздагы "Дала ережесі" бойынша оған Орал, Торғай облыстары қосылды.
Дала генерал-губернаторының көмекшісі қызметі белгіленбеді.
1882 жылы соғыс министрі П.С.Ванновскийдің бастамасымен Ресей империясының Қытаймен шектесетін аумақтарын бір губернаторлыққа біріктіру қажеттілігіне байланысты құрылды. Генерал-губернаторлықтың құрылуымен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы жойылды, оның құрамына Ақмола және Семей облыстары қосылды. Жаңа генерал-губернатордың құрамына енген үшінші облыс бұрын Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған Жетісу облысы болды. Дала өлкесінің генерал-губернаторы, сонымен қатар, Омбы әскери округі әскерлерінің қолбасшысы және Сібір казак әскерлерінің міндет атаманы болды.
Дала генерал-губернаторлығы шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түркістан генерал-губернаторлығының Ферғана және Сырдария облыстарымен, батысында Бөкей ордасымен және Самар губернаторлығымен[1][2] шектесті.
Т. А. Ә. | Атағы, шені, лауазымы | Лауазымды орындау уақыты |
---|---|---|
Колпаковский Герасим Алексеевич | инфантерия генералы | |
Таубе Максим Антонович | барон, атты әскер генералы | |
Сухотин Николай Николаевич | генерал-лейтенант | |
Надаров Иван Павлович | атты әскер генералы | |
Шмит Евгений Оттович | атты әскер генералы | |
Сухомлинов Николай Александрович | генерал-лейтенант |
Т. А. Ә. | Партиясы | Лауазымды орындау уақыты |
---|---|---|
Новоселов Александр Ефремович | социалист-революционерлер (эсэрлер) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.