From Wikipedia, the free encyclopedia
Дайрабай Нұрғожаұлы - (1823, Ақмола облысы Есіл өзені бойы - 1893, Ақмола облысы Есіл өзені бойы) - күйші, домбырашы.
Дайрабай әкесінің інісі Нарқожадан сыбызғы, ал ұстазы Көрпештен жетіген тартуды үйренген. Дайрабай Сегіз серінің көрнекті шәкірттерінің бірі. Одан қобызда, сырнайда ойнауды үйренеді. Дайрабай Сегіз серінің тобында болып, өз өнерін жан-жақты дамытады. Ұстазы оны күйшілікпен қатар жауынгерлікке, мергендікке, қолөнерге, аңшы-саятшылдыққа, атбегілікке баулиды. Дайрабай, сондай-ақ, Нияз сері, Біржан салдармен бірге болып, өнерін тыңдайды.
Күйшінің "Дайрабай" күйі көптеген халық аспаптар оркестрлерінің репертуарынан берік орын алған. Осы күйдің негізінде Е.Рахмадиев 1963 ж. "Дайрабай" атты симфониялық поэма жазды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.