![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b3/Calystegia_sepium_ssp_sepium_bluete.jpeg/640px-Calystegia_sepium_ssp_sepium_bluete.jpeg&w=640&q=50)
Гүлшырмауық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гүлшырмауық (лат. Calystegia) – шырмауықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қаратауда, Мойынқұмда, Балқаш-Алакөл ойысында, Ертіс, Тобыл өзендерінің жағалауында қалың өскен ағаштар мен бұталардың арасында 2 түрі кездеседі: арамшөп Гүлшырмауық (Calystegia sepіum) және пүліш тәрізді Гүлшырмауық (Calystegia hederacea). Олардың сабақтары жіңішке, нәзік, көбінесе басқа өсімдіктерге шырмалып немесе төселіп өседі. Жапырақтары жай, тақталарының пішіндері үшбұрышты, ұзын сағақты, өркенге кезектесіп орналасады. Гүлдері ақ, қызғылт түсті, бір-бірден жапырақ қолтығында дамиды, гүл сағағы ұзын. Жеке гүлінде түбінен біріккен жасыл түсті 5 тостағанша жапырақшасының сыртын ірі екі бөбешік жапырақшалары қаптайды, күлтелері де бірігіп кеткендіктен қоңырау пішінді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жемістері пісіп-жетіледі. Гүлшырмауық өте ұзақ гүлдейтіндіктен, тұқымынан көбейтіліп, сәндік үшін өсіріледі.[1]
Гүлшырмауық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() арамшөп гүлшырмауық
![]() Calystegia soldanella
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Species | ||||||||||||||||
See text |
Гүлшырмауық — шырмауықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Балқаш-Алакөл ойысында, қалың өскен ағаштар мен бұталардың арасында 2 түрі кездеседі: арамшөп гүлшырмауық және пүліш тәрізді гүлшырмауық. Олардың сабақтары жіңішке, нәзік, көбінесе басқа өсімдіктерге шырмалын немесе төселіп өседі. Жапырақтары жай, тақталарының пітітіндері үшбұрышты, ұзын сағақты, өркенге кезектесіп орналасады. Гүлдері ақ, қызғылт түсті, бір-бірден жапырақ қолтығында дамиды, гүл сағағы ұзын. Жеке гүлінде түбінен біріккен жасын түсті 5 тостағанша жапырақшасының сыртын ірі екі бөбешік жапырақшалары қаптайды, күлтелері де бірігіп кеткендіктен қоңырау пішінді. Мамыр-шілде айларында гүлдейді, тамызда жемістері пісіп жетіледі. Гүлшырмауық өте ұзақ гүлдейтіндіктен, тұқымынан көбейтіліп, сәндік үшін өсіріледі.[2]