Гүлшат Ахметқызы Майлыбаева
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гүлшат Ахметқызы Майлыбаева (29.12.1931, Алматы) — нысана көздеуден қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері (1953), республикалық дәрежедегі төреші (1959).
Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті) бітірген (1955). 1956 ж. өткен КСРО халықтарының 1-спартакиадасында қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет ерлер сапында өнер көрсетіп, нысана көздеуден (600 мүмкіндіктен 587 ұпай) Қазақстанның жаңа рекордын жасады. 1957 ж. Одесса қаласында өткен КСРО чемпионатында 600 мүмкіндіктен 594 ұпай жинап, қола медаль алды. Республика және КСРО жарыстарында қазылық етті.
“Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.