Гусмания
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гусмания (лат. Guzmania) – бромелиялар тұқымдасына жататын эпифитті өсімдік. Отаны - Оңтүстік Америка. Бразилия, Венесуэла, Орталық Америка аймақтарында таралған. Гусмания деген атауы - 1802 жылы ең алғаш осы өсімдікті сипаттағаны үшін испан ботанигі Анастасио Гусманның құрметіне қойылған. Табиғатта 130-ға жуық түрі белгілі. Отанында табиғатта өскенімен, Қазақстанда үй жағдайында ғана өсіріледі. Жапырақтарының ұзындығы 40-50 см, ені 5 см болады. Гүлсидамының биіктігі 30 см-ге жетеді. Жапырақтары тығыз жанаса орналасып, құмыра пішіндес қуыс құрайды. Қуыс өзегінен тік өскен гүлсидамының жапырақтарының түсі түрлеріне қарай сары, қызыл, күлгін, қою қызыл болып, жайқалып тұрған гүлге ұқсайды. Гүлсидамы 4-5 ай бойы тұрады. Гүлі гүлсидамының ішіндегі гүлсағақтарынан шығады.
Гусмания | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
120 түрі белгілі | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|