Грюнвальд шайқасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Грюнвальд шайқасы (Танненберг шайқасы) - 1410 жылы 15 шілдеде болған 1409-1411 жылғы «Ұлы соғыстың» шешуші шайқасы.
Польша Корольі Владислав II Ягайло және Литва әміршісі Витовттың бастаған біріккен Поляк-Литва одағы тевтондық орденнің армиясын жеңіп шешуші жеңіске жетті. Орденнің көптеген рыцарьлары өлтірілді немесе тұтқынға алынды. Жеңілістерге қарамастан, крестшілер өз астанасының екі айлық қоршауына төтеп бере алды және 1411 жылғы Торунь бітімінің нәтижесінде аз ғана аумақтық шығындарға ұшырады. Аумақтық даулар 1422 жылғы Мелни келісімі аяқталғанға дейін жалғасты. Соған қарамастан Тевтондық орден осы жеңілістен кейін қайта қалпына келе алмады, ауыр ішкі қақтығыстар экономикалық құлдырауға әкелді. Грунвальд шайқасы Шығыс Еуропадағы күш тепе-теңдігінің өзгеруіне әкеліп соқты, поляк-литвалық одақтың аймақтағы үстемдік ететін әскери-саяси күш деңгейіне көтерілді.
Грунвальд шайқасы ортағасырлық Еуропаның ірі шайқастарының бірі болды және Польша мен Литва тарихындағы ең маңызды жеңістердің бірі болды.