From Wikipedia, the free encyclopedia
Грэм Грин (ағылш. Henry Graham Greene, тумысынан Генри Грэм Грин, 2 қазан 1904 жыл, Беркхэмстед, Хартфордшир графтығы – 3 сәуір 1991 жыл, Веве, Швейцария) — ағылшын жазушысы. 1940 жылдары британ барлау қызметінің қызметкері болған. 1956 жылы Британ империясының орденінен бас тартып, 1966 жылы Кавалер даңқының ордені мен 1986 жылы "Еңбегі үшін" орденіне ие болады.
1904 жылғы 2 қазанда Чарльз Генри Грин мен Мэрион Грин атындағы жоғарғы дәрежедегі мектеп директорының отбасында дүниеге келген. Отбасындағы алты баланың төртіншісі болған.
Балалық шағында Хаггард пен Конрадтың шым-шытырық оқиғалы шығармаларын сүйіп оқитын, сондықтан ол өзі әдебиеттің тізгінін қолына алған тұсында олардың ықпалынан шығу қиынға түскенін мойындаған.
Бастапқыда ол "Ноттингэм Джорнэлда" журналист, кейіннен "The Times" газетінде штаттан тыс тілші қызметтерін атқарған. 1929 жылы католик дінін қабылдайды. Оның алғашқы шығармасы 1929 жылы "The Man Within" атауымен жарық көрген. Осыдан кейін ол журналистиканы тастап, жазушылыққа бет бұрады.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Graham Greene (writer) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.