From Wikipedia, the free encyclopedia
Грегори Хайнс (ағылш. Gregory Hines); (1946 ж. 14 ақпан, АҚШ, Нью-Йорк — 2003 ж. 9 тамыз, АҚШ, Лос-Анджелес) — америкалық актер, хореограф жəне биші.
1946 жылдың 15 ақпанында Нью-Йоркта дүниеге келген. Афроамерикандық. Өз ағасы Мориспен бірге бес жасынан чечётка биін үйренеді, ал үш жылдан кейін Бродвейде өнер көрсетеді. Дəл осы өнерін кейінірек гангстерлік-музыкалық «„Коттон“ клубы» фильмінде қолданып, биден қойылымдар қояды.
Хореограф жəне Кеңестік ГУЛагқа түсіп қалған американдық чечётка билеуші ретінде «Аппақ түндер» (1985) фильмінде балет шебері Михаил Барышниковпен бірге жұмыс істейді.
Алайда, комедиялық фильмдерді дұрыс көріп, «Дүниежүзі тарихы, бірінші бөлім» (орыс. «Всемирная история, часть первая») (1981); «Ғасыр алаяқтығы» (орыс. «Афера века») (1983); «Артымызға қарамай жүгіреміз» (орыс. «Бежим без оглядки») (1986); «Гарлемдегі ашу» (орыс. «Ярость в Гарлеме») (1991); «Қайта өркендеу заманының адамы» (орыс. «Человек эпохи Возрождения») (1994); «Өлімді күтуде» (орыс. «Ожидая выдох») (1995) секілді фильмдерге түседі.
Сонымен қатар, мистикалық («Қасқырлар», 1981), қиялғажайып («Қиратудың қарсаңында», 1990), музыкалық фильмдерде («Степ», 1989; «Боджанглс», 2001) түсуді тоқтатпайды.
2003 жылы АҚШ-та, Лос-Анджелес қаласында бауыр рагынан қайтыс болады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.