From Wikipedia, the free encyclopedia
Гиганттық (грек. γίγας - алып), алыптық - адам бойының шамадан тыс өсіп кетуі. Адам бойының биіктігіне қарай аласа (160 см-ден төмен), орта (165-175 см) және сұңғақ (175 см-ден жоғары) бойлы болып жіктеледі. Бойы 2 метрден биік адамды алып денелі дейді. Әдетте гиганттыққа ұшыраған балалардың ата-аналарының бойы қалыпты болады. Алыптар бойының ерекше тез өсуі кәмелетке толу кезінде (9-10 жаста) байқалады.
Адамның мұндай шектен тыс өсіп кетуі ішкі секреция бездері - гипофиз, қалқанша без, жыныс безі қызметінің бұзылуынан болады. Алып адамдардыңдене тұлғасы бойына сәйкес келмей, аяқ-қолдары ұзын, басы кіші болады. Олардың денсаулығы төмен, шаршағыш, еске сақтау қабілеті нашар, жыныстық жағынан әлсіз болып келеді. Олар ұзақ жасамайды, көбінесе жастай қайтыс болады. Соңғы кезде гормоналдық препараттар мен рентгентерапияны қатар қолдану - гиганттықты емдеуге жақсы нәиже беріп жүр.
Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.