Гептнер ергежейлі қосаяғы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гептнер ергежейлі қосаяғы (лат. Salpingotus heptneri) – кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң.
Гептнер ергежейлі қосаяғы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Дерегі жетіксіз
(IUCN3.1) [1]
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Salpingotus heptneri Vorontsov & Smirnov, 1969 |
Арал өңірінің оңтүстік-шығысының эндемигі. Олар тек Қызылқұмның шөлдерінде ғана мекендейді. Құм басқан тақырлар мен шағыл құмды төбелерде тіршілік етеді. Дене тұрқы 4,0 – 5,5 см, салмағы 10 – 17 г. Құйрығының ұзына бойын жапқан қысқа қылшықтарының ұшындағы шашағы қара түсті әрі үлпілдек болады. Арқасының түсі сұр, басы үлкен. Алдыңғы аяқтары қысқа, жемін ұстауға, ін қазуға бейімделген, артқы аяқтары ұзын, үшбармақты, оның көмегімен секіріп, тез қозғалады. Гептнер ергежейлі қосаяғы өсімдіктердің тұқымдарымен, жемістерімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға түнде шығады. Тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында қысқы ұйқыға кетіп, наурыз айында оянады. Жылына 2 рет көбейіп, сәуір – маусым айларында 2 – 4 қосаяқ табады. Гептнер ергежейлі қосаяғы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.