Геотектоника
From Wikipedia, the free encyclopedia
Геотектоника (гео... және tektonіkos — құрылыс) — Жер қыртысының[1] құрылысы, ондағы деформациялар, жер қыртысының кейпін өзгертетін қозғалыстар және осы қозғалыстардың даму заңдылықтары, тұтас алғанда, Жердің құрылымы мен дамуы туралы ғылым, тектоника саласы. Геотектониканың негізін 17 ғ-да Н. Стено, Р. Декарт, Г.В. Лейбниц, кейіннен М.В. Ломоносов, А.Г. Вернер, т.б. қалады. Жеке ғылым ретінде Дж. Геттон, Э. Кант, А.П. Карпинский, А.Г. Вегенер, В.А. Обручев, В.В. Белоусов, В.Е. Хайн, т.б. еңбектерінің нәтижесінде қалыптасты. Геотектониканың анализдік және синтездік бағыттары бар. Аналитикалық геотектоника Жер беті мен жеке бөліктерінің құрылысын білу арқылы олардың түзілуі мен даму механизмін анықтайды. Синтездік Геотектоника жер қыртысы мен жердің дамуы туралы ұғымдарды тұжырымдайды, Жердің геол. теориясын жасайды. Геотектоника геологияның басқа салаларындағы зерттеулер үшін құрылымдық негіз дайындап береді. Кен байлықтарын іздеу, барлау, пайдалану үшін және инж. геология саласындағы зерттеулер үшін Геотектониканың маңызы зор.[2]