Геоглиф
From Wikipedia, the free encyclopedia
Геоглиф — жерге ойып салынған ұзындығы 4 метрден асатын геометриялы немесе бейнелі өрнек. Кейбір геоглифтардың үлкендігі соншалық, оларды тек аспаннан ғана көруге болады. Геоглифтерді салудың бірнеше түрі бар. Бірі—жердің беткі қабатынан белгілі бір тереңдікке дейін қазып, таңба түсіру. Ал екіншісі арнай қиыршық немесе ірі тастарды төсеп, бейне жасау. Тағы бір түрі—ағаштарды белгілі бір бейне жасай отырып егу.