Гексаметилентетрамин ((CH2)6N4, немесе C6H12N4), (уротропин, гексамин, ағылш. Methenamine (INN), 1,3,5,7-tetraazaadamantane, hexamethylenetetramine немесе hexametylenetetramine). Медицинада қабылданған халықаралық патенттелмеген атауы (МНН) метенамин.— тәттілеу дәмі бар түссіз кристалдар. 280 °C-та көмірленіп, вакуумда 230 °C-тан жоғары температурада газға айналады. Суда, күкіртті көміртекте жақсы, спирт пен хлороформда шамалы, эфир мен бензолда нашар ериді. Уротропинді аммиакты формальдегиттен конденсаттау арқылы алынады:
Бұл реакция қайтымды, тиісті жағдайларда оның тепе-теңдігі солға қарай жылжуы мүмкін, бұл уротропинді формальдегид алудың тиімді көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді (мысалы фенол-формальдегид шайырларын өндіруде). Сондай-ақ қуатты жарылғыш зат — гексогенді алуда, аналитикалық химияда (мысалы буфер ертінділер дайындау үшін), түтінсіз қатты отын (қатты спирт) ретінде т,б қолданады. Уротропин — антисептикалық заттар тобына жататын дәрілік препарат. Уротопиннің микробқа қарсы әрекеті оның қышқыл ортада ыдырағанда формальдегидтің түзілуіне негізделген. Ұнтақ, таблеткалар мен ертінділердің құрамында, жұқпалы ауруларды, әсіресе несеп жолдарының қабынған ауруларын емдеуде пайдаланылады. Уротопинді бірінші рет А.М. Бутлеров (1860) синтездеді. [1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.