Галерея
From Wikipedia, the free encyclopedia
Галерея (фр. galerie, итал. galleria) – 1) бір жақ қабырғасы түгелдей бағаналардан тұратын, төбесі жабық ғимарат. Кейінірек галерея деп көркемсурет музейін немесе соның бөлімшесін атайтын болды.
Галерея— бетон немесе темірбетон бөгет денесінде қалдырылатын қуыс. Бөгет бетонының ахуалын бақылау, сүзілген суды жинау және алып кету, бөгет денесінің кәрізденуін тазалау мен жұмысын бақылау, тігістерді цементтеуді және жарықтарды бітеу мақсатында бетондауды жүргізу, түрлі коммуникациялар салу және бақылау-өлшеу аппаратураларын орналастыру үшін жасалады. Галерея горизонталь және көлбеу, ұзына бой, көлденең болып келеді[1]
Галерея (итал. galleria)—ғимараттың жеке бөлмелерін, сол сияқты театрдің жоғары ярустарын өзара жалғастыратын ұзын да енсіз, жабық қылөт, дәліз, үңгір.[2]