Вулканизм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Вулканизм (лат. vulcanus — от, жалын) — жалпылама түсінікте: магма және олармен сабақтаса түзілетін газды-булы өнімдердің жер қойнауындағы қозғалыстарын, олардың жер бетіне шығу барысындағы барша процестер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым. Алайда бұл термин нақтылы жанартау атқылауы мен оның фумаролды әрекетінен туындайтын құбылыстардың жиынтығы деген түсінікті шектеулі мағынада да біршама жиі қолданылады.[1]