Вотум
From Wikipedia, the free encyclopedia
Вотум - [латынша - тілек, серт, уәде, ант] - дауыс беру арқылы білдірілген шешім. Парламенттің дауыс беру арқылы үкіметтің жалпы саясатын немесе жеке министрдің әрекетін қуаттауы (сенім білдіру вотумы) не қуаттамауы (сенім білдірмеу вотумы). Үкімет парламенттен өзінің бағдарламалары[1] мен декларациясына және кейбір нақты заң жобаларын талқылауға байланысты сенім білдіру вотумын сұрай алады. Әдетте сенім білдіру вотумы үкіметтің беделін арттырып, саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Вотум :
- мұның негізгі жүзеге асырылу принципі үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі;
- парламент жиналысында дауысқа қойылып, қабыл алынған тоқтам шешім, қарар;
- үкіметің немесе министрдің қызметін қабылдау;
- парламенттегі дауысқа салу бойынша үкіметтің немесе министрдің ісін қабылдамау.
Парламент шешіміне орай, егер үкімет жақсы нәтижеге жетпесе, олар отставкаға кетуі тиіс. Сенім вотумы - қайта құрылған үкімет өз бағдарламасын парламент алдында жария етіп, сенімін алу, бұл көптеген елдердің комисиясы бойынша қаралады.[2]