![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1c/Mikrofoto.de-volvox-4.jpg/640px-Mikrofoto.de-volvox-4.jpg&w=640&q=50)
Вольвокс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Фитомонадалар отрядының өкілі - вольвокс. Вольвокстар шағын тұщы суқоймаларда көбірек кездеседі. Жасыл эвгленадан ерекшелігі вольвокстың әрбір дарағы (особь) жеке емес шоғыр (колония) болып тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, вольвокстың бір түрінің шоғырында 500-1000 жасушаға дейін болады. Әр жасуша қабығының кілейгейленуінен қою іркілдек зат түзіліп, шоғырдың сыртын орайды. Мұның ең сыртқы қабаты тығыз тері қабатына айналып, шоғырдың ыдырамай берік болуын қамтамасыз етеді. Ал ішкі – орталық бөлігі онша тығыз емес, қоймалжың сұйық күйде болады. Жеке жасушалар сыртқы тері қабаты мен орталық сұйық бөліктің арасында бір-бірімен өте жіңішке цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысады. Шоғырдың пішіні шар тәрізді болады. Шоғырдағы әр жасушаның құрылысы жасыл эвгленаның құрылысымен ұқсас, ерекшелігі әрқайсысында екіден талшық болады. Бұл талшықтар шоғырдан сыртқа шығып тұрады.
Вольвокс | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Volvox sp.
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
|