From Wikipedia, the free encyclopedia
Вокзал ғимараттары — жолаушыларға қызмет көрсетуге, көлік қозғалысын басқаруға арналған қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар кешені. Көлік түріне қарай Вокзал ғимараттары аэровокзалдарға, т. ж., өзен, теңіз воқзалдарына, қалааралық қатынастардың автобекеттеріне бөлінеді. Кешендік Вокзал Ғимараттары алуан түрлі көлік жолаушыларына қызмет етеді. Қазақстанда алғашқы т. ж. вокзалдары Кеңес төңкерісіне дейін Оралда,Қызылжарда (қазіргі Петропавл),Ақмешітте (қазіргі Қызылорда), т.б. қалаларда пайда болды. 1929 - 1930 ж. Түрксіб (Түркістан - Сібір т.ж.) қүрылысы Вокзал Ғимараттарының қөбеюіне ықпал етті. 1929 ж. Алматы қаласының солтүстігіне қарай 9 қм жерден 1-Алматы т.ж. ғимараты салынды. 1939 ж. 2-Алматы т. ж. вокзалының ғимараты ірге кәтерді. Ол 1977 ж. кеңейтіліп қайта салынды, ал 1997 ж. күрделі жәндеуден өткізілді. Алматы, Шымкент, Астана, т.б. қалаларда республикалары қалааралық байланыстар үшін қолайлы автовокзалдар бар. Қостанай қаласында біріккен Вокзал Ғимараттары (автовокзал, т. ж. вокзалы), Өскеменде, Павлодар, Семей қалаларында өзен вокзалдары бой көтерген.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.