From Wikipedia, the free encyclopedia
Бехтерев Владимир Михайлович [20.1(1.2).1857, Ресей, Вятск губерниясы Сорал ауылы — 24.12.1927, Мәскеу] — орыс ғалымы, медицина ғылымдарының докторы (1881), профессор (1894).
Санкт-Петербург медицина-хирургия академиясын бітірген (1878).
Бехтерев — рефлексологияның (рефлекстер туралы ғылым) негізін салушы ғалым. 600-ден астам ғылыми еңбегі бар. 1890 жылдары Бехтеревтің ғылымға қосқан ең үлкен жаңалығы — ми жүйесі туралы морфологиялық зерттеуі болды. Ол ми жүйесі мен жұлынның өткізгіштік жолдарын; адамның кеңістікте тепе-теңдік қасиетін сақтауы мен дұрыс бағдарлауының анатомия-физиология негізін және көру төмпешігінің (таламустың) қызметін; ғылымға белгісіз болып келген ми жүйесінің құрылымдарын анықтады. Сондай-ақ, адам мен жануарлардың байланыс-қозғалтқыш рефлексінің әдістемесін жасады. Бехтерев жас балалардың мінез-құлықтарындағы өзгерістер мен олардың жыныстық жетілу ерекшеліктерін зерттеді. Ол алғаш рет асқынған маскүнемдікті гипнозбен емдеуді ұсынған. Жүйке ауруларын тудыратын рефлекстер мен синдромдарын (белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуін) анықтап, сол ауруларды емдеу жолдарын көрсетті. Бехтеревтің медицинада ашқан аурулары оның есімімен аталады (мысалы, “Бехтерев ауруы”), ал жүйке ауруларын емдеуге осы күнге дейін қолданып жүрген “Бехтерев ішірткісінің” маңызы зор.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.