![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f2/Apollo_1_Prime_Crew_-_GPN-2000-001159-grissom.jpg/640px-Apollo_1_Prime_Crew_-_GPN-2000-001159-grissom.jpg&w=640&q=50)
Вирджил Айвен Гриссом
From Wikipedia, the free encyclopedia
Вирджил Айвен Гриссом (ағылш. Virgil Ivan „Gus“ Grissom) (3 сәуір 1926, Митчелл, Индиана — 27 қаңтар 1967, Флорида) – АҚШ-тың ұшқыш-космонавы, әскери әуе күштерінің полковнигі, 1944 жылдан әскери ұшқыш.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f2/Apollo_1_Prime_Crew_-_GPN-2000-001159-grissom.jpg/640px-Apollo_1_Prime_Crew_-_GPN-2000-001159-grissom.jpg)
1950 жылы Индиана штатының Лафейетт қаласында Пердью университетінің механика мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1955 жылы Әскери әуе күштерінің технологиялық институтын, 1956 жылы Эдуардс авиация базасында сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірді. 1961 жылы 21 маусымда «Меркурий» программасы бойынша суборбитальдық ұшуды жүзеге асырды. 1965 жылдың 23 наурызында Дж.Янгпен бірге «Джемини-3» ғарыш спутнигіммен ғарышқа ұшты. Ол ұшу кезінде АҚШ-та алғашқылардың бірі болып, ғарыш кемесін бір орбитадан екінші орбитаға ауыстыруды жүзеге асырды. Ол «Аполлон» ғарыш кемесін сынау кезінде Э.Уайт және Р.Чаффимен бірге шыққан өрттен қаза тапты.[1]
Дереккөздер
- Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том