Виорел Дину Молдован (рум. Viorel Dinu Moldovan; 8 шілде 1972[1], Бистрица) — румыниялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. Румыния Ұлттық футбол құрамасында доп тепкен.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Виорел Молдован |
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
8 шілде 1972 (1972-07-08) (52 жас)
|
---|
Азаматтығы |
Румыния
|
---|
Позиция |
шабуылшы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Петролул
|
---|
Қызметі |
бас бапкер
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Румыния, Швейцария, Англия, Түркия, Франция, БАӘ чемпионаттарында доп тепті. Карьерасын 1990 жылы "Глория" клубында бастаған соң, 1993 жылы Бухарестің " Динамосына" ауысты.
Кейін біраз жыл Швейцария чемпионатында ойнады. Әсіресе "Ксамакс" сапында ерекше жарқырады, екі жыл қатарынан Швейцария чемпионатының үздік мергені атанды.
1998 жылдың басында "Ковентри Ситиге" ауысқанымен, Англия футболына көндіге алмады, ұзамай "Фенербахчеге" барды.
1994 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, алаңға шықпады, ал 1998 жылы Франциядағы мундиальда құраманың негізгі шабуылшыларының бірі болды. Бұл турнирде екі гол соқты, екінші турда Англия қақпасына жеңіс голын соқса, үшінші турда Тунис қақпасына соққа голы құрамаға бір ұпай әперді.
2000 жылғы Еуропа чемпионатында бірінші турда Германия қақпасына гол соғып есеп ашты, бірақ кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
2003 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады.
2008 жылы бапкерлік жолын "Васлуй" клубынан бастады. Бір маусымнан соң "Брашов" клубының тізгінін ұстады.
2014 жылы Румыния құрамасының ббапкерлер алқасында жұмыс жасады, құрама араға сегіз жыл салып Еуропа чемпионатына жолдама алды.
- Швейцария чемпионатының үздік мергені: 1995/96 (Петар Александровпен бірге), 1996/97
- Швейцария чемпионы: 1996/97
- Франция чемпионы: 2000/01
- Франция суперкубогы: 2001
- Руымния кубогы: 2006/07