From Wikipedia, the free encyclopedia
Украина Жоғарғы Кеңесі (укр. Верховна Рада України; кейде қазақша Жоғарғы Рада[2]) — Украинаның бірпалаталы парламенті.[3] Верховна Рада 450 депутаттан тұрады, оларды төрағасы (спикер) басқарады. 2019 жылдың 21 шілдесінде сайланған депутаттар 29 тамызында ұлықталды.[4]
Украина Жоғарғы Кеңесі укр. Верховна Рада України | |
Логотибі | |
Мемлекет |
Украина |
---|---|
Түрі | |
Түрі |
бірпалаталы парламент |
Сайлану мерзімі |
5 жыл |
Басшылығы | |
Төрағасы |
Руслан Стефанчук, ХҚ |
Құрылымы | |
Верховна Рада фракциялары |
Үкімет (273): Халықтың қызметшісі (237) Сенім депутат тобы (18) Болашақ үшін (18)Оппозиция (27): Еуропалық ынтымақтастық (27) Батьківщина (24) Голос (20)Қалғандары (61): Өмір және бейбітшілік платформасы (22) Украинаны қалпына келтіру (19) ТәуелсіздерОрындары бос (45):[a] Орны бостар (45) |
Сайлауы | |
Верховна Рада соңғы сайлауы |
21 шілде 2019 |
Жиналыс залы | |
Штаб-пәтері |
Верховна Рада ғимараты, Киев |
Тарихы | |
Құрылуы |
1991[1] |
Ізашары |
УКСР Жоғарғы Кеңесі |
Жоғарғы Рада — елдегі жалғыз заң шығару органы. Оның құқығы және статусы Украина Конституциясында бекітілген. Парламент мүшелері Украина Халық депутаттары деп аталады және 5 жылға сайланады. Верховна Рададағы ең ірі партия — негізін Володимир Зеленський салған Халықтың қызметшісі партиясы.
Заң шығарумен қатар Верховна Рада Украинаның үкіметін, Министрлер Кабинетінің мүшелерін тағайындайды және олардың қызметі үшін жауап береді. Раданың 2021 жылдан бері төрағасы — Руслан Стефанчук.[5]
Верховна Рада — Украинадағы жалғыз заң шығарушы орган. Парламент ішкі және сыртқы саясаттың принциптерін анықтайды, Украина Конституциясына түзетулер енгізеді, заңдарды қабылдайды, мемлекеттік бюджетті бекітеді, Украина президенті сайлауларын жариялайды, президентке импичмент жариялайды, соғыс және бейбітшілік жариялайды, Украина премьер-министрін тағайындайды, белгілі бір лауазымды тұлғаларды тағайындайды немесе бекітеді, Украина Конституциялық сотының үштен бірін тағайындайды, халықаралық шарттарды ратификациялайды және денонсациялайды, сондай-ақ кейбір бақылау функцияларын жүзеге асырады.[6]
Парламент жылына 200-ге жуық заң жобасын қабылдайды. Парламентте күніне орта есеппен бес-алты заң жобасы тіркеледі.[7]
2017 жылға дейін парламент судьяларды қызметке тағайындап, қызметінен босатып, судьяларды ұстауға немесе қамауға алуға рұқсат берген еді (бұл өкілеттіктер Жоғарғы Әділет Кеңесіне берілді).
Верховна Рада — құрамында 450 депутаты бар бірпалаталы парламент, олар тең және тікелей жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Парламенттің барлық мүшелері парламенттік фракциялар мен топтарға топтастырылған. Белгілі бір партиялық тізім бойынша сайланған парламент мүшелері сол партияның мүшесі болуы міндетті емес. 5 пайыздық сайлау шегінен жоғары дауыс жинаған партиялар фракциялар құрады. Ресми парламенттік фракцияларды құру Верховна Раданың ережелерімен реттеледі.
Парламенттік фракцияны тек 15 және одан да көп депутат құра алады, және де депутат бірден бірнеше фракцияның мүшесі бола алмайды. Төраға мен оның екі орынбасары фракция басшысы бола алмайды.
Қызметін бастар алдында Верховна Раданың әр депутаты ант беруге міндетті:[8]
Мен Украинаға адал болуға ант етемін. Барлық әрекеттеріммен Украинаның егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға, Отанның игілігі мен украин халқының әл-ауқатына қамқорлық жасауға міндеттенемін. Мен Украина Конституциясы мен Украина заңдарын сақтауға, барлық отандастарымның мүддесі үшін өз міндеттерімді орындауға ант етемін. Түпнұсқа (укр.)
Присягаю на вірність Україні. Зобов'язуюсь усіма своїми діями боронити суверенітет і незалежність України, дбати про благо Вітчизни і добробут Українського народу. Присягаю додержуватися Конституції України та законів України, виконувати свої обов'язки в інтересах усіх співвітчизників |
Жоғарғы Рада депутаттары өз қатарынан Төрағаны (спикер; укр. Голова Верховної Ради), Төрағаның бірінші орынбасарын және Төрағаның екінші орынбасарын сайлайды.
Төраға парламент жиналыстарына төрағалық етеді, заң жобаларына қол қояды және оларды Президентке қабылдағаны үшін жібереді, парламенттік актілерге (заң жобаларынан басқа) қол қояды және қабылдайды, аппарат жұмысын ұйымдастырады.[9] Төрағаға парламенттің кезектен тыс сессияларын шақыруға,[10] Верховна Раданың үштен екісі дауыс бергенде ветоның күшін жоюға, Президент вето қойған заң жобаларын қабылдауға және Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырыстарына қатысуға өкілетті.[11]
Украина президенті лауазымы бос болған жағдайда Рада төрағасы шектеулі өкілеттігі бар мемлекет басшысының міндетін атқарушысы болады.[12] Президенттің міндеттерін атқаруындағы Төраға парламентті тарата алады, негізгі лауазымдарға кандидаттарды тағайындай алады, әскери атақтар немесе мемлекеттік ордендер бере алады және кешірім жасауға құқылы.[12]
Верховна Раданың штаб-пәтері сталинистік неоклассикалық стилі бар Верховна Рада ғимаратында (бұрынғы Украина Жоғарғы Кеңесінің үйі) орналасқан. Оның мекенжайы — Печерськ ауданы, Михаил Грушевский көшесі, 5-үй, Киев.
Партия | Дауыс саны | % | ±% | Мандат саны | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Партиялық тізім | БЖСМЖ[b] | Жалпы | +/– | |||||
Халықтың қызметшісі | 6,307,097 | 43.16 | Жаңа | 124 | 130 | 254 | Жаңа | |
Өмір және бейбітшілік платформасы | 1,908,087 | 13.05 | Жаңа | 37 | 6 | 43 | Жаңа | |
Батькивщина[c] | 1,196,256 | 8.18 | ▼2.50 | 24 | 2 | 26 | ▼7 | |
Еуропалық ынтымақтастық | 1,184,515 | 8.10 | ▼13.72 | 23 | 2 | 25 | ▼107 | |
Голос | 851,669 | 5.84 | Жаңа | 17 | 3 | 20 | Жаңа | |
Олег Ляшконың радикалды партиясы | 586,294 | 4.01 | ▼3.43 | 0 | 0 | 0 | ▼22 | |
Күш пен абырой | 558,674 | 3.82 | ▲3.74 | 0 | 0 | 0 | ▬0 | |
Оппозициялық блок | 443,200 | 3.03 | Жаңа | 0 | 6 | 6 | Жаңа | |
Гройсманның Украиналық стратегиясы | 352,895 | 2.41 | Жаңа | 0 | 0 | 0 | Жаңа | |
Шарій партиясы | 327,224 | 2.23 | Жаңа | 0 | 0 | 0 | Жаңа | |
Свобода | 315,530 | 2.15 | ▼2.56 | 0 | 1 | 1 | ▼6 | |
Азаматтық позиция | 153,259 | 1.04 | ▼2.06 | 0 | 0 | 0 | ▬0 | |
Украина Жасылдар партиясы | 96,659 | 0.66 | ▲0.41 | 0 | 0 | 0 | ▬0 | |
Самопоміч | 91,700 | 0.62 | ▼10.35 | 0 | 1 | 1 | ▼32 | |
Украина аграрлық партиясы | 75,540 | 0.51 | — [d] | 0 | 0 | 0 | — [e] | |
Жаңа күштер қозғалысы | 67,742 | 0.46 | Жаңа | 0 | 0 | 0 | Жаңа | |
Халық күші | 28,002 | 0.19 | ▲0.08 | 0 | 0 | 0 | ▬0 | |
Заң күші | 20,497 | 0.14 | Жаңа | 0 | 0 | 0 | Жаңа | |
Әлеуметтік әділет | 16,575 | 0.11 | Жаңа | 0 | 0 | 0 | Жаңа | |
Патріот | 16,147 | 0.11 | Жаңа | 0 | 0 | 0 | Жаңа | |
Тәуелсіздік | 7,979 | 0.05 | Жаңа | 0 | 0 | 0 | Жаңа | |
Торч | 7,749 | 0.05 | Жаңа | 0 | 0 | 0 | Жаңа | |
Басқалары | 2 | 2[f] | ||||||
Тәуелсіздер | 0 | 46 | 46[g] | ▼22 | ||||
Жалпы жарамды бюллетеньдер | 100 | 225 | 199 | 424 | ▲1 | |||
Жарамсыз сайлау бюллетеньдері | ||||||||
Бос (сайлау жүрмеген округтер) | 26 | 26 | ▼1 | |||||
Жалпы | 225 | 225 | 450 | |||||
Тіркелген сайлаушылар/Дауыс бергендер | 35,550,428 | |||||||
Дереккөзі: Орталық сайлау комиссиясы (Дауыс саны, бір мандатты сайлау округтері) және Українська правда (Мандат пен аймақтар) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.