Венеция кинофестивалі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Венеция халықаралық кинофестивалі (итал. Mostra Internazionale d'Arte Cinematografica della Biennale di Venezia) — әлемдегі ең ескі халықаралық кинофестиваль[1][2]. Италиялық диктатор Бенито Муссолини бастамасымен 1932 жылы құрылған. Қазіргі уақытта, фестиваль әдетте тамыз және қыркүйек айларында Венецияның Лидо аралында өткізіледі. Бас жүлдесі — «Алтын арыстан» марапаты. Фестивальдің барлық секциялардың нәтижесі бойынша Луиджи Де Лаутентис жүлдесі сыйға тартылады.
Фестивальді көрсетілім төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Негізгі программа
- Бас конкурс
- "Көкжиектер" программасы (Orizzonti)
- Қысқаметражды фильмдер конкурсы (Corto Cortissimo)
- Конкурстан тыс көрсетілім
- Кинонарық
- Тәуелсіз және параллель киносы секциясы
- Халықаралық сыншылық апталығы (Settimana Internazionale della Critica)
- Авторлық кино конкурсы (Giornate degli Autori)