Велигер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Велигер (лат. velum - желкен және gero- апарамын - жеткіземін) - желкенші - көптеген теңіз құрсакаяқтылар мен қосжақтаулы былқылдақденелілердің- (тұщы сулы жануарынан - дрейсен) пелагиялық дернәсілі. Кейбір былқылдақ- денелілердің велигер жұмыртқадан шығып - басқаларында трохофора кезеңін өткізіп дамиды. Велумі- аяқтары - ішектері - көзі - тепе-теңдік - (статоцисты) ұстау мүшелері - дернәсілдік қабыршағын - (протоконха) қалыптастыратын затты бөлетін қабыршакты бездері бар және оған денесінің алдыңғы бөлігі және оған басқа мүшелер мен мүшелер жүйесі тартылуы мүмкін. Кейбір велигер су қабатында ұзақ уақыт жүзеді де - ағынмен үлкен арақашықтықтарға жиі таралуы мүмкін. Су түбіне түскеннен кейін олар ересек былқылдақденелілерге айналады.[1]