Ведута — қалалық ландшафтты масштаб пен пропорцияға қатысты панорама түрінде бейнелейтін XVIIІ ғасырдағы венециялық сурет өнерінің жанры. [1] «Ведута» термині итальяндық «veduta» сөзінен шыққан, «көрініс» дегенді білдіреді және күнделікті қалалық пейзажды бейнелейтін суреттерге қатысты қолданылады. Бұл жанрдың басын бастаған фламандиялық суретші Пауль Бриль және неміс Йозеф Ханц Кіші болды, олардың шығармашылық өмірінің көп бөлігі Венецияда өтті. Осы жанрдағы кескіндемелер, суреттер мен нақыштар мұқият егжей-тегжейлігімен, табиғатпен толық сәйкестілікпен және қалалық ландшафттың танылуымен сипатталады.

Thumb
Ян Вермеердің «Дельфт көрінісі» (1660)
Thumb
Каналетто. Ричмонд - хаустан Темза мен Лондонның көрінісі (1747)

Ерекшеліктері

Қазір ведута сәулет графикасының бейнесі ретінде, ал XV - XVI ғасырларда «топографиялық тұрғыдан дәл қала ландшафты» ретінде қабылданды. Қаланың өзіндік ерекшеліктері, ғимараттардың көркемділігі және сол жердің табиғи (өзендер, төбелер және т.б.) және қолдан жасалған (каналдар, мұнаралар, қоңырау мұнаралары) орындары ведута суреттерінде көрініс табады. Осы жанрдағы кескіндемелер, суреттер мен нақыштар мұқият егжей-тегжейлігімен, табиғатпен толық сәйкестілікпен және қалалық ландшафттың танылуымен сипатталады. [2]

Тарихы

XVII ғасырда қалалық пейзаж Питер Санредам, Ян ван дер Хейден, ағайынды Беркхейде секілді «кішкі голландиялықтар» деген есімге ие бірқатар шеберлердің сүйікті жанрларының бірі болды. Жанрдағы революциялық болып саналатын "Дельфт көрінісі" суретін 1660 жылы Ян Вермеер камера-обскура арқылы салған болатын. Тағы бір голландиялық суретші, Гаспар ван Виттель ведута сәнін Италияға әкелді және veduta esatta (су бетін қамтитын қалалық көрініс) шебері ретінде танымал болды.

Осылайша, біртіндеп қалалық көріністерді дәл жеткізген голландиялық суретшілердің туындылары ауқатты орта тапты қызықтырып, сатыла бастады. XVIIІ ғасырдың ортасына қарай Венеция ведута өнерінің танылған орталығына айналды. Сондай-ақ, Джованни Антонио Каналь (Каналетто) Венециандық Ведутистер мектебінің жетекшісі болды, ал оның жұмыстары қалалық пейзаж шеберлерінің көптеген ұрпақтары үшін үлгі-нұсқа болып табылады. Оның студенттері арасында дарынды суретшілер Бернардо Беллотто, Франческо Гварди, Мишель Мариески бар. Ведута өнерінің дамуына суретші, гравер және математик Лука Карлеварис та үлкен үлес қосқан болатын. [3]

Танымал суретшілері

  • Джованни Антонио Каналь,
  • Питер Санредам,
  • Пауль Бриль,
  • Антонио Джоли,
  • Мишель Мариески,
  • Лука Карлеварис,
  • Луиджи Премацци,

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.