From Wikipedia, the free encyclopedia
ВАШИНГТОНИЯ (WASHINGTONIA) – пальма тұқымдасына жататын бөлме өсімдігі. Атауы АҚШ Президентінің құрметіне қойылған. Отаны – Оңтүстік Калифорния. Өте жылдам өседі, өз отанында биіктігі 20-30 метр болады. Табиғатта гүлдейді, бірақ бөлмеде өскен вашингтония гүл жармайды. Жапырақтарының әдемілігіне бола жоғары бағаланады. Өз отанында оның тұқымдарынан ұн дайындаса, сабақтарынан арқан, жіп иіреді. Қазақстанда бұл гүлді қыста үй жағдайында, жазда гүлзарларға егеді. Суыққа төзімді әрі күтімі жеңіл болғандықтан, көбінесе кеңселерде жиі қолданады. Вашингтония салқын жерде өңін жоғалтпастан жайқалып өсіп тұра береді.
Вашингтония | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Күн сәулесі жақсы түсетін, жарық, кең жерге қою керек. Жазда аулаға шығарып қойса да болады.
Қыс айларында салқын жерде өсе береді, бірақ ауа температурасы 8-10 °C-ден төмен болмауы керек.
Жазда жиі, қыс кезінде сирек суғарылады.
Жапырақтарына су бүркіп тұру қажет.
Органикалық және минералды тыңайтқышпен айына екі рет қоректендірген жөн, қыс айларында қоректендірілмейді.
Жақсы күтім жасалмаса, жапырақтарында зиянкестер пайда болады. Оларды «Актара» деген арнайы дәрімен (10 л суға 1 г) емдейді.
Тұқымы арқылы көбейтіледі. Топырақ температурасы 25-30 °C деңгейінде болса, 45-60 күнде өніп шығады. Тұқымы арқылы көбейту қиын жұмыс. Сондықтан жас көшетін сатып алуға кеңес береміз.
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.