From Wikipedia, the free encyclopedia
Варениктер (укр. вареники) — тұщы қамырға әр түрлі начинка (ірімшік, картоп, саңырауқұлақ, шие, қарақұмық жармасын) қосып пісіреді.
Вареникидің барлық түрі үшін бір-ақ түрлі қамыр пайдаланылады. Ұнды илеуге ыңғайлы ыдысқа немесе асханалық тақтайға төгеді де, ортасын шұңқырлап, оған суық су немесе сүт, жұмыртқа қосып илейді. Қамырды қолға, тақтайға жабыспайтындай болғанша, иі қанғанша илеу керек. Дайын қамырды дөңгелектеп, үстіне ұн себеді, сосын оған аздап қыздырып алған кастрюль төңкеріп 20—30 минут қояды. Бұдан соң қамырды жұқалап жайып, стаканмен немесе формамен дөңгелектеп кеседі де жұмыртқаның ақ уызын жағалы. Әрбір кесілген қамырға бір шай қасық начинка салып, шетін біріктіріп бүгеді. Вареникиді ыстық тұзды суға салып 6—8 минуттай жайлап қайнатады. Судың бетіне қалқып шыққан кезде сүзіп алып ыдысқа салады да, үстіне тортасынан айырған сары май құйып, қаймақ қосып дастарқанға қояды[1][2].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.