From Wikipedia, the free encyclopedia
Валуа (фр. Valois) — Франция корольдерінің әулеті, Капетиндер үй тармағы. Өзінің атауын осы тармақтың негізін салушы Француздық Шарльдің титулы де Валуа графымен байланысты алды.
Валуа фр. Valois | |
Валуа графтары мен герцогтарының елтаңбасы | |
Елі | Франция патшалығы |
---|---|
Негізін салушы үйі | Капетиндер |
Титулдары |
|
Негізін салушысы | Карл де Валуа |
Соңғы билеушісі | Генрих III |
Негізі салынған жыл | 1270 |
Ыдырауы | 1589 |
Ұлты | француздар |
Кейінгі әулет өкілдері |
|
өңдеу |
Валуа әулетінің өкілдері Капетин үйінің кіші тармағы Бурбондар әулеті алмастырғанша француз тағын 1328-ден 1589-ға дейін иемденді.
Тұңғыш де Валуа графтары де Валуа-Вексен-Амьен үйінің өкілдері болды (Капетиндер әулетінің кіші желісінің біреуі Францияның жесір королевасы Анна Ярославнаға үйленген). Осы рудың соңғы өкілі монахша шаш алды, ал Валуа графтығы апайының күйеуі Каролиндер әулетінің кіші желісі Гербертиндер үйінен шыққан граф Герберт IV де Вермандуаға өтті. Олардың мұрагер-қызы I Анри патшаның ұлы де Вермандуа графы, Ұлы Гугоға тұрмысқа шығып, оған Валуа және Вермандуа графтықтарын жасау ретінде әкелді. Бұл некеде 6-буынға дейін капетин руының де Вермандуа графтары шықты, осыдан соң Валуа графтығы 1215 жылы II Филипп Август патша королдік иелікке қосты.
Король Батыл III Филипп 1285 жылы ұлы Шарльге кеңейтілген Валуа графтығын берді. Карл, де Валуа графы - король IV Филипптің бауыры, Валуа үйінің негізін қалаушысы болды, ал оның ұлы VI Филипп француз тағына отырып, королдік Валуа әулетін құрды. 1280 жылы Рим Папасы V Мартин Арагон патшалығын Карл де Валуаға сыйлады, алайда ол 1290 жылы бұл сыйлықтан бас тартты. Алғашқы некесі Анжу мен Мэн графтығын әкелді. Екінші әйелі Екатерина де Куртененің құқықтары бойынша ол Константинополь императоры атағын алды. Карл ағасының билік еткен уақытта мемлекеттік істерге белсене араласып, 1325 жылы Ножанда қайтыс болды.
Әдемі IV Филипптің үш ұлы ер бала қалдырмай қайтыс болғаннан кейін, Карл де Валуаның ұлы VI Филипп 1328 жылы Капетиндердің жақын ұрпағы ретінде саналып Францияның тағына келді. Валуа үйінің биіктеуі Англия мен Франция арасындағы ұзаққа созылған соғыстың себебі болды (Жүзжылдық соғыс). VI Филипптің 2 ұлы болды: Иоанн (болашақта II Жан) мен Филипп. Соңғысы 1375 жылы де Валуа графы және Орлеан герцогы деп жарияланды, бірақ ұрпақтарсыз қайтыс болды. 1350 жылдан 1364 жылға дейін билік еткен ІІ Жанның 4 ұлы болды, оның ішінде: оның мұрагері V Шарль мен кіші Бургундия үйінің негізін қалаушы, Бургундия герцогы Батыл II Филипп. V Шарльдің (1380 жылы қайтыс болған) VI Шарль мен принц Луи деген екі ұлдары болды.
Ханзада Луи Орлеан герцогы мен Ангулем және Валуа графы титулы мен жерлерін алды. Оның кезінде 1403 жылы Валуа графтығы герцог-пэрстық болды. Тарихта алғаш рет Орлеан герцогы ретінде белгілі Луи, ағасы VI Шарльдің бақытсыз билігі кезінде Бургундия герцогымен билікке қатысты дауласты, ал 1407 жылы оны өлтірді. Оның немересі Луи, Валуа және Орлеан герцогы, француздық Валуаның үлкен желісінің соңғы өкілі — VIII Шарль (VI Шарльден соң ұлы VII Шарль, содан соң оның ұлы XI Луи, VIII Шарльдің әкесі билік етті) қайтыс болған соң 1498 жылы Франция тағына XII Луи деген атпен келді және осылайша Валуаны тәжбен біріктірді. Ақырында Валуа Валуа үйінің ханзадаларына, сосын Бурбон үйіне сыйланды, бірақ әрқашан Орлеан герцогтығымен бірге болды. Орлеан үйі 1787 жылғы революция кезінде ғана Валуа герцогтық титулын жоғалтты, бірақ ішінара атаумен байланысты жерлерді сақтап қалды.
1407 жылы қайтыс болған Орлеан және Валуа герцогы, Ангулемдық Жанның кіші ұлының Шарль атты ұлы болды. Ал, оның ұлы баласыз Людовик XII дүниеден өткен соң І Франсуа деген атпен француз тағына отырды (1515). Оның ұлы ІІ Анридің төрт ұлы болды, оның үшеуі елді биледі (II Франсуа, IX Шарль, III Анри) және төртіншісі — Франсуа, Алансон герцогы (кейін Анжу). Олардың ешқайсысы заңды ұрпақ қалдырмады және 1589 жылы ІІІ Анридің өлімінен кейін француз тағына Капетиндерден тарайтын Бурбон әулетінің өкілі IV Анри ауысты. Валуа үйінің соңғы патшалардың қарындасы, Маргарита де Валуа, IV Анридің ажырасқан әйелі, 1615 жылы қайтыс болды. Ол Валуа әулетінің соңғы заңды ұрпағы болды.
Сонымен қатар, Валуа үйінен бірнеше некесіз тармақтар тарады:
Портреті | Есімі | Билік еткен уақыты |
---|---|---|
I Франсуа | 1 қаңтар 1515 — 31 наурыз 1547 | |
II Анри | 31 наурыз 1547 — 10 шілде 1559 | |
II Франсуа | 10 шілде 1559 — 5 желтоқсан 1560 | |
IX Шарль | 5 желтоқсан 1560 — 30 мамыр 1574 | |
III Анри | 30 мамыр 1574 — 2 тамыз 1589 |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:House of Valois |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.