![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e7/1983_CPA_5386.jpg/640px-1983_CPA_5386.jpg&w=640&q=50)
Валентин Витальевич Лебедев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Валентин Витальевич Лебедев (1942 жыл 13 желтоқсан, Мәскеу) - КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, екі мәрте Кеңес Одағының батыры. 1971 жылдан КОКП мүшесі.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e7/1983_CPA_5386.jpg/320px-1983_CPA_5386.jpg)
Мәскеудің С.Орджоникидзе атындағы авиация институтын 1966 жылы бітіргеннен кейін, конструкторлық бюрода қызмет етті. 1972 жылы ғарышкерлер тобына қабылданды. 1973 жылы 18-26 желтоқсан аралығында «Союз-13» ғарыш кемесінің борт инженері ретінде П.И.Климукпен бірге ғарышқа ұшты. Ленин орденімен марапатталды.[1]