Вакуум сорғысывакуум жасау, оны жоғарылату және сақтау үшін қолданылатын құрылғы. Ол тұйық көлем (жүйе) ішінен газды немесе буды сорып шығару үшін қолданылады.[1]

Өндірісте вакуум сорғысының су білезікті (ВВН), консоль (КВН), поршеньді, ротациялы, ағыншалық сорғы, жоғары вакуум алу үшін молекулалық және сынапты диффузиялық түрлері тараған. Мысалы, су білезікті вакуум сорғысының ПӘК-і 20—30 пайыздан аспағанымен, қажетті мезгілде аз уақытта ғана жұмыс істейтіндіктен жеткілікті болып саналады.[2]

Вакуум сорғылардың ең көп өнімділігі минутына 25—150 м3. Жылжымалы станцияларда өнімділігі 4,2 м3/с және 11,5 м3/с вакуум сорғылары қолданылады.[3]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсінідірме сөздігі. Кен ісі және металлургия. — Алматы, «Мектеп», 2003.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп», 2002.
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. — Алматы: «Мектеп», 2007.


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.