Вазелин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Вазелин — минералдық май мен қатты көмірсутектердің (парафин, церезин, петролатум) бір текті май тәрізді қоспасы, мұнайдан алынатын май тәрізді қоймалжың зат.[1] Вазелинді қатты көмірсутектерді (15 - 20%) балқытып немесе олардың минералдық майлардағы қоспасынан алады, оны күкірт қышқылымен және ағартқыш сазбен тазартады. Балқу t 50 - 65°С. Қолданылуына қарай медициналық, технологиялық, конденсаторлық болып бөлінеді. Вазелин медицинада, металдарды коррозиядан қорғауда, электротехникалық өнеркәсіпте, т.б. кеңінен қолданылады.[2]