Вадим Анатольевич Евтушенко (укр. Вадим Анатолійович Євтушенко; 1 қаңтар 1958[1], Пятихатки, Днепропетровск облысы, Украин КСР, КСРО) — КСРО-лық және украиналық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Вадим Евтушенко |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
1 қаңтар 1958 (1958-01-01) (66 жас)
|
---|
Туған жері |
Пятихатки, Днепропетровск облысы, Украин КСР, КСРО
|
---|
Азаматтығы |
КСРО Украина Украина
|
---|
Бойы |
177
|
---|
Салмағы |
70
|
---|
Позиция |
шабуылшы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Динамо (Киев)
|
---|
Қызметі |
бапкер көмекшісі
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
1989 жылға дейін "Звезда Кировоград", "Динамо Киев", "Днипро" клубтарында ойнады. Осы аралықта төрт рет КСРО чемпионы атанды, 1986 жылы "Динамо" сапында УЕФА Кубок иелері кубогында топ жарды. Осы турнирдің финалында "Атлетиконың" қақпасына бір гол соқты.
1989 жылы КСРО-да футболшылардың шетелдік клубтарға ауысуына рұқсат берілді де, Швецияның АИК клубымен келісім шарт жасасты. 1992 жылы клуб араға 55 жыл салып Швеция чемпионы атанды.
Кейін тағы швециялық клуб "Сириус Упсалада" доп тепті.
Швецияға орнығып қалған Вадим бапкерлік жолын да Швецияда бастады.
2008 жылы елге оралып, Украина Ұлттық футбол құрамасының бапкері Алексей Михайличенконың көмекшісі қызметіне тағайындалды.
Кейін бірнеше украиналық клубтарды жаттықтырды.
1980-87 жылдары КСРО құрамасында ойнады. 1986 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бірінші турда Мажарстанның қақпасына пенальтиді соға алмады. Соған қарамастан бұл ойында КСРО 6:0 есебімен жеңіске жетті.
«Динамо» (Киев)
- КСРО чемпионы (4): 1980, 1981, 1985, 1986
- КСРО кубогы (3): 1982, 1985, 1987
- КСРО суперкубогы (3): 1981, 1986, 1987
- УЕФА кубок иелері кубогы: 1986
- УЕФА суперкубогының финалисі: 1986
«Днепр»
- КСРО чемпионы: 1988
- КСРО кубогы: 1989
«АИК»
- КСРО чемпионатындағы үздік 33 (2): № 2 (1982), № 3 (1986)
- Григория Федотов клубының мүшесі: 110 гол
- Олега Блохин клубының мүшесі: 119 гол
- "Ерен еңбегі үшін" ордені (2016)