Бәбісек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бәбісек, сасық көкек (лат. Upupa epops) – көкқарғатәрізділер отрядына жататын құс.
Бәбісек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Upupa epops Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Approximate range.
nesting resident (all year) wintering |
Қазақстанның барлық жерінде дерлік кең таралған шөлді, далалы өңірде өзен-көлге, т.б. су маңына жақын жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 25 – 28 см, салм. 70 г-дай. Тұмсығы жіңішке, ұзын, желпуіш тәрізді жазылатын айдары бар. Түсі алабажақ болғанымен, өте тартымды, бүйіріндегі көлденең жолақтар бозғылт қара түспен алмасып, бауыр жағы қызғылт сары түсті болып келеді. Бәбісек – жыл құсы, ақпанның аяғы, наурыздың басында ұшып келіп, тас арасына, үй шатырына ұялайды. Мекиені 3 – 12 жұмыртқасын 16 – 18 күн басады. Балапандарын аталығы жемдейді. Қарашаның басында жылы жаққа ұшып кетеді. Б. жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Етінің жағымсыз иісі бар. «Сасық көкек» деп аталуы осыған байланысты болу керек.[2]