Бұғана
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұғана (clavіcula) — иық белдеуін құрайтын сүйектің бірі.
Адамда Бұғананың (ұзындығы 12 — 15 см) бір ұшы жауырын басымен жалғасады, оның сүйек болып қалыптасуы 16 — 20 жас аралығына келеді. Ал толықтай адам денесімен бітісіп кетуі 20 — 25 жаста аяқталады. Бұғана жануарлардың эволюциялық даму сатысында алғаш рет сүйекті балықтарда пайда болады. Тұяқты сүтқоректілерде және ет қоректі жануарларда Бұғана шала дамиды не мүлдем болмайды. Қазақ малдың бірінші кеуде қабырғасын Бұғана немесе Бұғана қабырға деп атайды.