From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұрыш (Сapsіcum) — алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңт. облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Б-тың 1 түрі — қызыл Б. (С. annuum) бар. Б. — жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биікт. 30 — 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым — шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Б. тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Б-тың “астрахандық”, “болгарлық”, “ласточка”, “подарок”, “ротонда”, т.б. сорттары егіледі. Б-ты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Б-тың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т.б. [1]
Bell pepper | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Red, yellow and green pepper
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Capsicum annuum L. |
Бұрыш (Латын атауы:Capsicum annum) Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік. Бұрыш Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептелінеді. Оны, тіпті, бес мың жыл бұрын өсіргенін зерттеушілер анықтады. Бұрыштың шыққан елі- Перу. Жүгерімен, үрме бұршақпен және асқабақпен қатар ол Америкадағы Колумбқа дейінгі негізгі көкөністердің бірі болды. Еуропаға бұрыш Христофор Колумбтың дәрігері алып келді. XVI ғасырдан бастап, бұрыш бүкіл Еуропаға тарады және өзінің орнын жерорта теңізі және балқан асханасында тапты. Сонымен қатар, бұрыш - бұл венгрлердің ұлттық көкөнісі және дәмдеуіші.
1912 жылдан бастап, Сковилл межесі - бұрыштың ащылығын бағалауға арналған арнайы меже бар.
Жемісі — етжеңді, іші қуыс, көп тұқымды жидек, салмағы 50 — 200 г, түсі қызыл, сары, жасыл, қоңыржасыл, 2 — 4 ұялы болады. Тұқымы дөңгелек, ақсары түсті. Бұрыш дәмдік сапасына қарай ащы, тұщы және жұпарлы сорттарға бөлінеді. Жемісінің құрамындағы капсаицин алкалоиды оған ащы дәм береді. Бұрыш витаминдерге (А, С, т.б.), оның ішінде аскорбин қышқылына өте бай. Жемісінің құрамында белок (тәтті сорттарында 2 — 5, ащы сорттарында 1 — 1,5) болады. Б. жемісінің құрамындағы эфир майлары оған өзіне тән жұпар иіс, дәм береді.
Бұрыштың 100 г – 26 ккал. С және А дәрумендерінің, сондай-ақ бета-каротиннің бай көзі. Жасыл бұрыштың құрамында С дәрумені көп, ал сары мен жасылында - бета-каротин көбірек.
Белсенді және белсенді емес шылым құмарлардың назарына - мәзірде бұрыштың болуы қатерлі ісіктің және өкпе эмфиземасының даму қауіп-қатерін төмендетеді.
Ақжелкен көгінен кейінгі барлық көкөністердің ішінен бұрыш C дәруменінің ең бай көзі болып табылады. Бұрыштың 200 грамы ересек адамның С дәруменіне деген күндізгі қажеттілігін қамтамасыз етеді. С дәруменінен басқа бұрыштың құрамында А дәрумені бар, бұл бос радикалдардың көзін жоятын коктейл болып табылады. Бұл керемет дуэт склероздан және жүрек ауруларынан қорғай отырып, холестериннің жиналуына кедергі жасайды. Сонымен қатар, ол қатерлі ісіктердің, шелдің және шорбуынның түзілуінің алдын алады. Бұрышты көптеген тағамдардың құрамына, атап айтқанда, «Лечо», фаршталған бұрыш дайындауға, сорпаларды қоюландырғыштарға, тұздықтарға, салаттарға қосады.[2]
Бұрыштың ащы сұрыптарының бірі Cascabel, оны шайқағанда шығатын дыбыстың арқасында - "қоңыраулар әуені" деген атқа ие.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.