From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұрыштық жылдамдық — қатты дененің айналу шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама; дененің айналмалы қозғалысының кинематикалық мөлшері, модулі өте аз уақыт ішінде айналу бұрышының сол уақытқа қатынасымен, ал бағыты айналу осінің бойымен дененің айналуы сағат тілінің бағытына қарсы бағытта көрінетін бағытымен бағыттас вектор. Модулі айналу бұрышының модулінен уақыт бойынша алынған туындыға тең.[1]
Дененің қозғалмайтын z осінің төңірегінде бірқалыпты айналуы уақыты бірлігі кезіндегі бұрыштық жылдамдығы:
мұндағы - бұрылу бұрышының өсімшесі. бұрыштық жылдамдықпен айналатын қатты Ддненің кез келген нүктесінің лездік жылдамдық векторы мына формуламен анықталады:
мұндағы — айналу осінде орналасқан координаттар басынан сол нүктеге жүргізілген радиус-вектор, ал квадратты жақшамен векторлық көбейтінді белгіленген. Бұрыштық жылдамдықтың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі: рад/с.[2][3][4]
Айналу жиілігі - қатты дененің ось маңайындағы бірқалыпты айналмалы қозғалысының жиілігі.[1]
Бор машинаның айналу жиілігінің жылдамдықтары әр түрлі болады. Мәселен, электр бормашинаның жылдамдығы минутына 1000—3000 айналым болса, турбиналы бормашинаның жылдамдығы минутына 100.000—300.000 айналымға тең болады.[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.