![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/76/Myospalax_myospalax_distribution_%2528inset_map%2529.png/640px-Myospalax_myospalax_distribution_%2528inset_map%2529.png&w=640&q=50)
Бұраубас
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұраубас (лат. Myospalax myospalax) — аламан тәрізділер тұқымдасына жататын тышқан. Қазақстанның солтүстік аймақтарында (Оңтүстік Алтайда, Тарбағатайда, Шыңғыстауда) кездеседі. Дене тұрқы 20 — 25 см-дей, көзі кішкентай, құлақ қалқаны жоқ, құйрығы қысқа (52 мм-дей). Алдыңғы аяқтары жер қазуға бейімделген, тырнақтары икемді келеді. Топырақ арасында ін қазып тіршілік етеді, жер бетіне сирек шығады. Қысқа қор жинап алады. Өсімдіктің тамырын, тамыр сабағын, баданасын жейді. Жылына 1 рет (2 — 5-тен) балалайды. Терісі үшін ауланады, бірақ кәсіптік маңызы жоқ. Кей жағдайда жерді қазып тастап, зиян да келтіреді.[1]
Quick Facts Бұраубас, Амандық күйі ...
Бұраубас | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Myospalax myospalax (Laxmann, 1773) | ||||||||||||||
![]() |
Close