From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұрана мұнарасы — Қарахан мемлекетіне тиесілі Х-ХІ ғғ. архитертуралық ескерткіш. Мұнара Бішкектен 80 км, ал Тоқмақ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Шу өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Бұрана мұнарасы көне архитектуралық кешеннің құрамында болғандықтан, мемлекеттің қорғауы мен бақылауына алынған[1].
Тарихшылар мұнараның салыну уақытын Х-ХІ ғғ. деп көрсетеді. Мұнараның биіктігі — 21 м, диаметрі — 9 м. Бастапқы биіктігі 44-48 м шамасында болған көрінеді. Кейін болған жер сілкінісінен мұнара биіктігі бүгінгі қалпында сақталған. Археологтар мен архитекторлар бұл ескерткішті зерттей келе, өз заманыңда маңдай алды құрылыс болып саналған бұл ескерткіштің дәл осы жерге не үшін салынғанын анықтады. Бұрана мұнарасының шығысында осы аттас өзен бар. Ол жазда кеуіп қалады. Мұнараның айналасын жал топырақ үйілгені байқалады. Ол көлемі 560 және 480 м тік бұрышты алаңды қоршайды. Мұнараның солтүстік жағында биіктігі 10 м шаңдақ төбе тұр. Бұл - ескі үйдің құлаған орны. Осыған орай, мұнара ертедегі қоныстың ортасына салынған болуы тиіс. Осы төңіректі зерттеген археологтар қазба жұмысының қорытыңдысына және ерте заманғы жазба деректерге сүйене отырып, бұл үлкен үйінді ертедегі Баласағұн қаласының орны екенін анықтаған.
XIX ғасырдың ортасынан бастап Бұрана мұнарасы мен оны жан-жақтан қоршаған қалашық орыс ғалымдары мен өлкетанушыларын қызықтыра бастайды. Ескерткішті зерттеуге Ф. В. Поярков, В. Д. Городецкий, А. М. Фетисов, Н. Н. Пантусов, В. П. Ровнягин және атақты орыс шығыстанушысы В.В. Бартольд зор үлестерін қосты.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап мұнара мен қалашықты сақтау жұмыстары басталды. Осы мақсатпен 1927-1928 жылдары олар Қырғыз АКСР-нің шешімі бойынша жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, консервацияланды.
1927 жылы М. Е. Массон және 1928 жылы А.И. Тереножкин қазба жұмыстарымен, материал жинаумен, кескіндерді қағаз бетіне түсірумен айналысты.
1930-шы жылдары мұнара мен қалашыққа Қырғыз КСР-нің ғылым комитеті мен жұртшылық назар аудара бастайды. Мерзімді баспасөздерде алғашқы мақалалар жарық көреді.
1938 жылы ескерткіш аумағын Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген (А. Н. Бернштам жетекшілігімен).
1953-1954 жылдары П. Н. Кожемяко Бұрана қалашығына қатысты ең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізген[2].
1976 жылы Бұрана қалашығы мемлекеттік қорықтар тізіміне еніп, қорғауға алынды.
1976 жылы жөндеу жұмыстарынан кейін қалашық аумағында Республикалық археологиялық-архитектуралық мұражай ашылды[3].
Аңызға қарағанда, ықпалды ханның қызы туыпты. Хан осы оқиғаны атап өтіп, қызының болашағын білу үшін мемлекеттегі барлық балгер әйелдер мен дана адамдарды шақырған. Бір қария ханға қызының он алтыншы туған күнінде қарақұрттың кесірінен мерт болатынын баяндапты. Хан қызын қорғау үшін үлкен мұнараны тұрғызуға бұйрық берді. Ханның қызметшілері тағамдарды мұқият тексеріп, себеттерге салып, қызына баспалдақтың көмегімен жеткізген. Арада біраз жылдар өткен. Қызының он алтыншы туған күніне хан себепке салынған жемістерді әкеліпті. Хан себетке жасырынған қарақұртты байқамаған. Ақырында қарақұрт жеміске қолын созған ханның қызын тістеп алады[4].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.