![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f1/Lilium_martagon_a.jpg/640px-Lilium_martagon_a.jpg&w=640&q=50)
Бұйра лалагүл
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұйра лалагүл (лат. Lilium martagon) — лалагүлдер тұқымдасының лалагүл туысына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдіктер.
Ботаникалық сипаты
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6d/Illustration_Lilium_martagon0_clean.jpg/640px-Illustration_Lilium_martagon0_clean.jpg)
- Биіктігі 60 — 100 см, сабағы түкті.
- Жапырағы таспа, немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, ені 1,5 — 2 см.
- Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүл шоғырына топталған. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар, түкті, олар түтік немесе қоңырау пішінді, ұзындығы 13 — 15 см, хош иісті.
- Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым — шілдеде гүлдейді.
Өсетін жері мен таралу аймағы
Quick Facts Бұйра лалагүл, Ғылыми топтастыруы ...
Бұйра лалагүл | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Lilium martagon L. |
Close
Қазақстанда Алтай, Тарбағатай тау жүйесінде, Жетісу Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі.
Қолданысы
Бұйра лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады[1][2].
Дереккөздер
- «Қазақ Энциклопедиясы», ІІ-том
- Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т. З. — 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т. З.), ISBN 9965-893-19-5