![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/68/Polycystic_kidneys%252C_gross_pathology_20G0027_lores.jpg/640px-Polycystic_kidneys%252C_gross_pathology_20G0027_lores.jpg&w=640&q=50)
Бүйректегі киста аурулары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бүйректегі кисталар — гетерогенді тұқым қуалайтын аурулар. Генетикасы әртүрлі болса да киста (қуыс) түзілу жолы ұқсас. Мутацияларға байланысты бүйрек өзекшелері кеңейеді. Цистопротеиндер біріншілік цилиярлы және онымен қосылған жасушалар органеллаларында орналасқан. Көпшілік бүйрек кистасы бар ауруларда басқа ағзаларда да (орталық жүйке жүйесі, бронх, бауыр) киста табылады. Ең жиі кездесетін кистозды тұқымқуалайтын аурулар - аутосомды-доминантты бүйрек поликистозы (ЛДБПК), аутосомды-рецессивті бүйрек поликистозы (АРБПК), нефронофтиз және медуллярлық кистозды ауру.