From Wikipedia, the free encyclopedia
Бүйен — ащы ішек пен тоқ ішектің тоғысатын тұсындағы тұйық, жуан ішектен арнайы жасалатын ыдыс, кейде “түп бүйен” деп те атайды. Оны жасау үшін жаңа сойылған қойдың не ешкінің бүйенін айналдырып тазалаған соң, тұзды судың қанық ерітіндісіне бір тәулік батырып қойып, иіс-қонысы кеткен соң алады да, үрлеп, көлеңкеге кептіріп, тобарсыған кезде сары май сіңіріп жұмсартып, ішіне ағаш қасықпен сары май, жент, майға араластырған талқан толтырып, аузын жіппен байлап, адалбақанға асып қояды. Бүйенде сақталған мұндай тағамдар ұзақ уақытқа дейін бұзылмайды әрі ерекше дәмді болады. Қажет кезінде жібін шешіп, сығып ала беруге болады. Жорыққа аттанған ежелгі қазақ жауынгерлерінің, ұзақ жолға шыққан жолаушылардың, отбасына келген қонақтардың сүйсініп жейтін, дастарқан сәнін келтіретін ұлттық тағамдардың бірегей дәмдісі, осы бүйенге салынған тағамдар болған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.