Бір мұнаралы мешіт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бір мұнаралы мешіт — Семейде XIX ғасырдың екінші жартысында тұрғызылған мешіт.
Ғимарат ұзынша келген төртбұрыш пішінде, тек күмбезі және шығыс жағында орналасқан жалғыз мұнаралы болып, күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимараттың авторы — түрік сәулетшісі Абдулла Эфенди. Ғимараттың қабырғалары сырттан, қолмен пішін берілген балшықтан жасалған әшекей элементтерімен, горизонталды және тік күшейткіш мәткелеріменен безендірілген.